Автор: ADMIN
Жарқанаттан таралатын жаңа вирус: Қазақстан билігі қандай мәлімдеме жасады?

Соңғы күндері шетелдік БАҚ Қытай ғалымдарының жарқанаттардан (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат таратып жатыр. Бұл жаңалық жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметке қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ресми деректер не дейді?
Министрліктің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) және Қытайдың өзіндегі ауруларды бақылау орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ешқандай нақты ақпарат жарияланбаған.
Сақтық шаралары қандай?
Жаңа вирустың таралу қаупіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі келесі алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:
• Адам көп жиналатын жабық орындарға баруды шектеу;
• Үй-жайларды тұрақты түрде желдетіп отыру;
• Қолды антисептик немесе дезинфекциялық майлықтармен өңдеу;
• Ауру белгілері бар адамдармен байланысты барынша шектеу.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қалай?
Коронавирустық инфекция бойынша Қазақстандағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 116 жағдай ғана тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есе төмен көрсеткіш. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Соңғы мониторинг нәтижелері бойынша елде омикрон штамының кіші нұсқалары айналымда екені анықталған.
Сондай-ақ, биыл ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмендеп, 3,1 миллион жағдай тіркелген. Тұмау бойынша да жағдай тұрақты: зертханалық расталған 2370 науқас бар, бұл былтырғы деңгеймен шамалас. Елде 2,3 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған.
Жаңа вирустың таралуына қатысты нақты ғылыми деректер болмағандықтан, мамандар жалған ақпаратқа сенбеуге және жеке бас гигиенасын сақтауға шақырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет