Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-31 17:33:00

Біз әлеуметтік желілерде:

2025 жыл қорытындысы: Мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар

news single

     2025 жыл Қазақстанның мәдениет саласы үшін мазмұнды әрі мағыналы кезең болды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.  

 

    Өнер, әдебиет, театр және креативті индустрияда жаңашылдықтар байқалды, ал Қазақстан мәдениеті халықаралық аренада жаңа деңгейде танылды.

 

   Кинопрокаттағы жетістіктер

 

    Отандық фильмдер қазақстандық кинопрокатта миллиард теңгеден астам табыс таба бастады, бұл саладағы өсімнің айқын көрінісі болды.

 

   Заңнамалық жаңалықтар

 

   2025 жылы Парламент мәдениет саласына қатысты бірқатар заңдар мен өзгерістерді қабылдады. 10 ақпанда Мемлекет басшысы мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелерін реттейтін заңға қол қойды.

 

   Заң мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейтуге, оның мәртебесін нығайтуға, мәдени бағдарламаларды жүзеге асырудың құқықтық негізін жаңартуға және материалдық емес мәдени мұраны қорғауға бағытталған. Сондай-ақ фонограмманы шектеу және ЛГБТ насихатына тыйым салу сынды жаңашылдықтар енгізілді. 

 

     Шетелдік өнерпаздардың Қазақстандағы гастролі

 

    Дженнифер Лопестің келуі Астана қаласын А-класты жұлдыздардың гастрольдік картасына қосуға мүмкіндік берді. 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өткен концерте 25 мыңнан астам билет сатылды, Алматыдағы концертке 27 мың билет тиелді.

 

   Шетелдік туристердің саны 7 мыңға жуық болды, олар 30-ға жуық елден келген. Сонымен қатар, аңызға айналған америкалық Backstreet Boys тобы алғаш рет Қазақстанда концерт қойды. Астанадағы шараға Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Греция, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа 45 елден 12 мыңнан астам турист келді. Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттері Астана мен Алматыдағы мейрамхана және дәмханалардың саудасын 11 пайызға дейін арттырған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться