Автор: ADMIN
Қазақстанда алғашқы АЭС қайда салынады? Ресми шешім шықты
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының (АЭС) орналасатын орны ресми түрде бекітілді. Еліміз үшін маңызды нысан Алматы облысы, Жамбыл ауданында салынатын болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Құжатқа сәйкес, АЭС құрылысына рұқсат беретін қаулы 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған. Оған Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойған. Алайда бұл шешім тек 2025 жылдың 25 ақпанында ресми жарияланып, заңды күшіне енді.
Бұл жобаның іске асырылуы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттырумен қатар, экологиялық таза электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Алайда, атом станциясының құрылысы қоғамда әртүрлі пікір тудырып отыр. Кейбір сарапшылар АЭС қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірсе, енді біреулер бұл – елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудың маңызды қадамы деп есептейді.
Алдағы уақытта құрылысқа қатысты толыққанды ақпараттар жарияланбақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı