Автор: ADMIN
Қазақстанның табиғи балы енді Еуропа нарығында!
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері үшін жаңа мүмкіндік ашылды! Еліміз ресми түрде Еуропалық Одаққа (ЕО) бал экспорттауға рұқсат алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл рұқсат Еуропалық Комиссияның 21 ақпандағы қаулысы негізінде берілді. Қазақстан тарапы талаптарға сай болу үшін балдағы қалдық заттарды бақылаудың Ұлттық жоспарын әзірлеп, іске асырған.
Жаңа қаулы ЕО-ның Ресми журналында жарияланған күннен бастап 20 күн өткен соң күшіне енеді. Осыдан кейін отандық омарташылар өз өнімдерін еуропалық нарыққа шығара алады.
ЕО-ға бал экспорттауды жоспарлаған кәсіпорындар арнайы талаптарға сай болуы керек. Олар:
- Кәсіпорынның ЕО стандарттарына сәйкестігін растайтын инспекция қорытындысы
- Ветеринариялық бақылау нәтижелері
- ХАССП (HACCP) жүйесінің жұмыс істейтінін дәлелдейтін құжаттар
- Кәсіпорын туралы толық ақпарат (ағылшын және орыс тілдерінде)
Бұл Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік! Жоғары сапалы экологиялық таза балымыз енді халықаралық нарықта кеңінен таныла түспек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqstanda alayaqtarğa SIM-karta satıp otırğan 61 adam wstaldı
ستالو يزۆەستنو, پوچەمۋ ماكرون پولۋچيل «پوщيوچينۋ» وت جەنى
Stalo izvestno, poçemu Makron poluçil «poşeçinu» ot jenı
Последние новости
Makronnıñ äyelinen ne üşin «şapalaq jegeni» aytıldı
ماكروننىڭ ايەلىنەن نە ۇشىن «شاپالاق جەگەنى» ايتىلدى
Stalo izvestno, poçemu Makron poluçil «poşeçinu» ot jenı