Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-03 15:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ғылыми жоба жеңімпаздары мен педагогтерге мемлекеттік сыйақы берілуі мүмкін

news single

      2026 жылы Қазақстанда білім берудің тұтас әрі орнықты жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылады,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. 2026 жылға жоспарланған негізгі бастамалар мен жаңашылдықтар туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

 

    Оның айтуынша, министрлік педагогтердің мәртебесін арттыруға және олардың құқықтарын қорғауды күшейтуге басымдық береді. Атап айтқанда, «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

 

   — Бұл түзетулер педагогтерді артық қағазбастылықтан қорғауға, мектептен тыс уақытта балаларға қатысты орын алатын жазатайым оқиғалар үшін ата-аналардың жауапкершілігін нақтылауға, сондай-ақ мұғалімдердің құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған, — деді Шынар Ақпарова. Сонымен қатар ғылыми жобаларда жеңіске жеткен оқушылар мен олардың жетекші педагогтеріне мемлекеттік сыйақы беру тетігі де қарастырылуы мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться