Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-04 10:49:00

Біз әлеуметтік желілерде:

2026 жылы көлік сатып алғысы келетін қазақстандықтар нені білуі керек

news single

     Қазақстандағы автокөлік нарығындағы жағдай біркелкі емес.- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына  сілтеме жасап. 

 

    Сала мамандары 2026 жылы нарықта қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін талдап, негізгі факторларға тоқталды. 

 

 Импортқа қысым күшейеді

 

   Автосарапшы Евгений Кубековтің айтуынша, 2026 жылға арналған болжамдар бірқатар экономикалық көрсеткіштерге тікелей байланысты. Атап айтқанда, инфляция деңгейі, теңге бағамының құбылуы және салық жүктемесінің артуы нарыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сарапшының пікірінше, алдағы жылы импорттаушылар үшін жағдай күрделене түседі.

 

   Бұған бірнеше себеп бар:

 • қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуі;

• айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты утилизациялық алымның қымбаттауы;

 • жекелеген автокөліктерге «сән-салтанат салығының» енгізілуі.

 

    Евгений Кубеков бұл өзгерістер шетелден әкелінетін көліктердің де, Қазақстанда құрастырылатын автокөлік жиынтықтарының да өзіндік құнын арттыратынын айтады.

 

  Дегенмен, сарапшының болжамынша, қолжетімді сегменттегі модельдер мен отандық өндірістегі көліктердің бағасы әзірге айтарлықтай қымбаттамауы мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться