Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-04 11:26:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр

news single

     Air Astana әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі мен ұшу кестесіндегі өзгерістердің жалғасып жатқанын айтты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Әуе компаниясының мәліметінше, бұған дейін Airbus A320neo әуе кемелерімен орындалатын бірқатар рейстердің 3–4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуына уақытша шектеу қойылған. Соның салдарынан рейстер кешіктірілген.

 

    — Әуе компаниясы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Оның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын пайдалану да қарастырылған.

 

     Жолаушылардан әуежайға аттанбас бұрын әуе компаниясының ресми сайтынан рейстерінің мәртебесін тексеруді сұраймыз, — делінген хабарламада. Air Astana жолаушылардан туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться