Автор: ADMIN
Астанадағы бокс кеші: Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой шаршы алаңда дебют жасайды
5 сәуірде Астанада өтетін ауқымды бокс кешінде қазақстандық WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Алайда бұл кештің басты қызығы тек оның жекпе-жегі емес. Оқырман назарын өзіне аударатын тағы бір жайт – ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандардың кәсіпқой боксқа қадам басуы, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қарсыластары әлі анықталмағанымен, бұл бокс кеші қазақстандық жанкүйерлер үшін нағыз тартысқа толы болмақ. Сонымен қатар, осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та жұдырық түйістіреді. Бұдан бөлек, екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалолов та кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетеді.
Айта кетейік, кештің басты оқиғасы – Жәнібек Әлімханұлы мен француздық Анауэль Нгамиссенің жекпе-жегі. Қазақстандық чемпион бұл кездесуде екі белдігін бірдей қорғауды мақсат етіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo