Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-09 14:30:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылды

news single

     2026 жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салынбайтын болды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Бұл норма жаңа Салық кодексінде көзделген. Еске сала кетсек, 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойған еді.

 

    Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі жойылды. БЖЗҚ мәліметінше, өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.

 

   — Бұл норма БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін төлемдерді қоспағанда, барлық зейнетақы табысына, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне де қолданылады, — делінген қордың ресми ақпаратында.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться