Автор: ADMIN
«GULDER» ансамблінің 55 жылдығы: Ұлттық өнердің жарқын тойы
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблі 55 жылдық мерейтойын ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Бұл айтулы кеш ұлттық өнердің биік шыңын айқындап, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Мерейтойлық гала-концерт аясында арнайы дайындалған эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ, жаңа хореографиялық композицияның премьерасы өтіп, авторлық әндер шырқалды. Шара барысында танымал әртістермен ерекше коллаборациялар ұйымдастырылып, классикалық өнердің заманауи интерпретациясы көрермен көңілінен шықты.
Концертте қазақ мәдениетінің аңызға айналған тұлғалары мен жас таланттар бір сахнада бас қосып, өнердің сабақтастығын көрсетті. Кешке Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев пен Әділхан Макин, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысты.
Кеш барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда «GULDER» ансамблінің ұлттық өнерді дамытудағы ерекше рөлі мен оның халықаралық деңгейдегі жетістіктері ерекше атап өтілді.
Мерекелік кештің шарықтау шегі танымал қазақстандық өнерпаздардың өнер көрсетуімен жалғасты. Белгілі әншілер Жанар Дұғалова, ARO және қобызшы Олжас Құрманбек мерекелік концерттің көркін қыздырып, кеш қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады.
«GULDER» ансамблінің бас балетмейстері – Анвара Садықова, көркемдік жетекшісі – Абзал Өсімбаев.
Бұл кеш – жарты ғасырдан астам тарихы бар ұжымның ұлттық мәдениетке қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі. «GULDER» ансамблі өз өнерімен қазақ өнерінің үздік дәстүрлерін жалғастырып қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеріп, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى

ۇلتتىق ەلەكتروندى كىتاپحاناعا سۇرانىس كۇرت ارتتى — 44% وسىم

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى