Автор: ADMIN
Трамп бейнеленген жаңа доллар: АҚШ-та 250 долларлық банкнот шыға ма?
АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың бейнесі салынған жаңа банкнот пайда болуы мүмкін. Оңтүстік Каролинадан сайланған республикалық конгрессмен Джо Уилсон 250 долларлық купюра шығару туралы заң жобасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Джо Уилсон әлеуметтік желідегі жазбасында АҚШ-тың гравировка және баспа бюросына Трамптың портреті бейнеленген банкнотты дайындау туралы ұсыныс жасағанын айтты. Оның айтуынша, бұл бастама қазіргі экономикалық қиындықтармен, атап айтқанда, “байденфляциямен” (президент Джо Байденнің саясаты салдарынан туындаған инфляция) байланысты. Конгрессмен америкалықтардың қымбатшылықтың әсерінен қолма-қол ақшаға деген сұранысы артқанын атап өтті.
Алайда New York Post басылымы бұл ұсыныстың заңға қайшы екенін еске салды. Себебі, 1866 жылғы АҚШ заңнамасына сәйкес, доллар банкноттарында тірі адамдардың бейнесін салуға тыйым салынған. Сонымен қатар, АҚШ-та 1969 жылдан бері 100 доллардан жоғары номиналды купюралар шығарылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың маусым айында Аризонадан сайланған республикалық конгрессмен Пол Госар 500 долларлық банкнотқа Трамптың бейнесін қоюды ұсынған болатын. Бірақ бұл заң жобасы да әлі қабылданған жоқ.
250 долларлық Трамп банкноты іске аса ма, әлде саяси ұран ғана ма? Бұл сұрақтың жауабы әзірге белгісіз, алайда бастама қызу талқылануда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Республика күні қарсаңында Алматыда төрт заманауи мектеп ашылды
Respublika küni qarsañında Almatıda tört zamanaui mektep aşıldı
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу