Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-13 12:57:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматы облысында барымтамен айналысқан топ ұсталды

news single

     Алматы облысында үй жануарларын заңсыз атып, етін бөлшектеумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топ анықталды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары кезінде Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны ұсталған. Тінту барысында олардың бір үйінен аңшылық қару мен бөлшектелген жылқы еті табылып, тәркіленген.

 

     Айғақ заттар қылмыстық іс материалдарына тіркеліп, ет заңды иесіне қайтарылған. «Күдіктілер үй жануарларын заңсыз атып, оларды бөлшектеген және қылмысты жасыру мақсатында етін алып кетпек болған.

 

     Тергеу кезінде олардың әрекеттері жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды. Қылмыстық істі тергеу Алматы облысы полиция басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», – деп хабарлады департамент.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться