Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-14 15:24:00

Біз әлеуметтік желілерде:

СҚО-да аязға байланысты жедел штаб құрылды, шетелдік азаматтар эвакуацияланды

news single

    Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяз салдарынан Өзбекстан азаматтары мінген автобус жолда қалып қойды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Құтқарушылар дереу көмек көрсетіп, жолаушыларды жылы жерге эвакуациялады. СҚО ТЖД мәліметінше, өңірде күннің күрт суытуына байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға және жолға шыққан азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берілді.

 

     ТЖД басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дамир Бәшенов тұрғындарға сақтықты күшейтуді ескертті: — «Қатты аяз күндері үйден ұзап шықпауларыңызды сұраймыз. Әсіресе балалар мен қарттарды назардан тыс қалдырмаңыздар.

 

    Ұзақ жолға шығу қажет болса, көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жылы киім алып, телефонды толық қуаттап, бара жатқан бағытыңызды туғандарыңызға хабарлаңыз», — деді ол. 

 

   Құтқарушылар өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жалғастырып жатыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться