Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-14 15:47:00

Біз әлеуметтік желілерде:

СІМ: Қара теңіздегі шабуылдар энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қатер төндіруде

news single

     Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қара теңіз акваториясында мұнай танкерлеріне қатысты тіркелген оқиғаларға байланысты өз ұстанымын жариялады,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, халықаралық теңіз жолдарындағы тұрақсыздық жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке айтарлықтай тәуекел тудырып отыр. СІМ Қазақстанның ешбір қарулы қақтығысқа қатысы жоқ екенін және әлемдік әрі еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты үлес қосып келе жатқанын мәлімдеді.

 

    Министрлік еліміздің энергия ресурстарын халықаралық талаптарға сәйкес, үзіліссіз жеткізіп отырғанын атап өтті. Ресми дерекке сәйкес, аталған танкерлердің барлығы қажетті рұқсаттармен және сәйкестендіру құрылғыларымен толық қамтамасыз етілген.

 

    Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеп кетуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның тұрақтылығына қауіп төндіретіні ескертілді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться