Автор: ADMIN
Қазақстан құрамасы «Странджа кубогінде» тарихи жеңіске жетті
Болгария астанасы Софияда бокстан өткен 76-шы «Странджа кубогі» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тамаша нәтижемен жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Боксшыларымыз 5 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша Өзбекстанмен тең түскенімен, күміс жүлде көрсеткіші бойынша басымдық танытып, бірінші орынға ие болды. Өзбекстан құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен екінші орынды иеленсе, жарыс қожайындары Болгария 2 алтын, 3 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық боксшылардың жетістіктері:
Алтын медаль иегерлері:
• 63,5 кг – Ертуған Зейнуллинов
• 67 кг – Төрехан Сабырхан
• 71 кг – Абылайхан Жүсіпов
• 75 кг – Сабыржан Аққалықов
• 86 кг – Бекзад Нұрдәулетов
Күміс медаль иегерлері:
• 51 кг – Даниал Сәбит
• 54 кг – Тимур Қабдешов
• 60 кг – Серік Теміржанов
• 63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
• 71 кг – Фарух Тоқтасынов
• 75 кг – Тимур Нұрсейітов
• 80 кг – Ерасыл Жақпеков
• 86 кг – Нұрбек Оралбай
• +92 кг – Айбек Оралбай
Қола медаль иегерлері:
• 48 кг – Теміртас Жүсіпов
• 57 кг – Оразбек Асылқұлов
• 60 кг – Талғат Сырымбетов
• 92 кг – Данияр Рахымбердинов
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжан «Үздік команда» кубогімен марапатталды.
Бұл жеңіс Қазақстан боксының жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, алдағы әлемдік додаларға үлкен мотивация берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
ينفلياتسييا ۆ يانۆارە سوستاۆيلا 12,2%: راستۋت تسەنى نا توپليۆو
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo