Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-16 15:13:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Атырауда жолаушылар екі күннен бері сапарға шыға алмай отыр

news single

     Атырауда қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар әуе рейстері жоспар бойынша ұша алмай қалды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     15 қаңтарға қараған түннен бастап Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешіктірілген. Жолаушылардың айтуынша, жағдай екі күннен бері шешілмей тұр. Атырау қаласының тұрғыны Жанар Шалқарова рейстердің не себепті кейінге қалдырылғанын түсіну қиын екенін айтты.

 

   — Біз кеше, 15 қаңтарда Алматыға ұшуымыз керек еді. Таңғы 8:30-дан бері әуежайдамыз. Түнгі 02:00-ге дейін күттік. Бортқа апарып, қайта түсірді. Әуелі «қар тазалау жұмыстары аяқталған соң ұшамыз» деді. Кейін «экипаждың жұмысы аяқталды, ұшқыштар шаршады» деп хабарлады.

 

    Ал SCAT пен FlyArystan ұшып жатыр. Сонда олардың ұшқыштары шаршамай ма? Air Astana неге ұша алмай жатыр? Бізге «олар – әскери адамдар» деп жауап берді, — дейді жолаушы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться