Автор: ADMIN
Алматыдан Қонаевқа көшу: балалар үйінің тәрбиеленушілері өз наразылығын білдірді
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеменің Алматыдан Қонаевқа көшірілетініне қарсы шығып, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жасады. Олар ағаштардың кесіліп, аумақтың бұзылып жатқанын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
“Бізді қаладағы үйімізден алысқа, түрмесі бар Қонаевқа жібергісі келеді. Бұл шешімге қарсымыз. Өтінеміз, көмектесіңіздер!” – деді тәрбиеленушілер.
Бұл жағдайға байланысты Алматы облысының білім басқармасы түсініктеме берді. Басқарма өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, жаңа ғимараттың құрылысы жүріп жатқанын айтты.
Басқарма басшысы Салтанат Беспаева:
“Жаңа мекеме барлық қажетті жабдықтармен қамтылады. Балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта жасаймыз. Барлық мәселе біздің бақылауымызда.”
Жаңа ғимарат 240 орынға есептелген. Құрылыс 1963 жылы салынған ескі ғимараттың апатты жағдайына байланысты жүргізілуде. Кешен 900 орындық мектептің жанында орналасады, ал тәрбиеленушілер үшін арнайы 14 орындық автобус бөлінді.
Бұған қоса, тәрбиеленушілер 21 наурызда Қонаевта өтетін Наурыз мейрамына шақырылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд