Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-01-20 14:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Антарктидада жер бетіндегі ең суық қойма ашылды

news single

     Антарктидада әлемдегі ең суық қойма іске қосылды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Мұнда мұз керндері сақталады. Керн — бұрғылау арқылы алынатын цилиндр пішінді мұз сынамасы, ол ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылады. Қойма Антарктидадағы «Конкордия» стансасында орналасқан. Бұл аумақта ауа температурасы минус 50°C-қа дейін төмендейді.

 

    Жобаны «Мұздың жады» қоры, Гренобль-Альпі және Ка’Фоскари университеттері бірлесіп жүзеге асырып отыр. Қордың жетекшісі — швейцариялық климатолог Томас Штокер. Әрбір мұз үлгісінің құрамында қатырылған атмосфералық газдар, шаң-тозаң және табиғи қалдықтар сақталған. Бұл деректер климатологтармен қатар биологтар, химиктер мен геологтар үшін де аса құнды.

 

    Қоймаға қазірдің өзінде Анд, Шпицберген, Альпі, Кавказ және Памир тауларынан алынған мұз керндері жеткізілді. Атап айтқанда, Тәжікстан тарапынан ұзындығы 105 метр болатын мұз үлгісі тапсырылған.

 

    — Басты мақсат — болашақ ұрпақ үшін Жер планетасы туралы маңызды мәліметтерді сақтау, — деді жоба жетекшісі Томас Штокер.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться