Автор: ADMIN
Трамптың күтпеген шешімі: АҚШ Украинаға әскери көмекті тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берді. Бұл шешім оның Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен даулы кездесуімен тікелей байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Bloomberg агенттігінің дереккөздеріне сүйенсек, Трамп Қорғаныс министрлігіне Украинаға жіберілуі тиіс барлық әскери көмекті тоқтатуды тапсырған. Оған қоса, АҚШ-тың Украинаға жөнелтуге дайын тұрған ұшақтары мен қару-жарақтары кері қайтарылуы мүмкін.
“Трамп басқа ел басшыларының бейбітшілікке шын ниетімен ұмтылатынына көз жеткізбейінше, Украинаға ешқандай көмек жіберілмейді”, – деп мәлімдеді аты-жөнін жария еткісі келмеген Пентагон шенеунігі.
Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Украинаға жеткізіліп жатқан қару-жарақ жазға дейін ғана жетуі мүмкін. Ал Трамптың бұл шешімі елдің қорғаныс қабілетіне үлкен қауіп төндіреді.
28 ақпанда Владимир Зеленский Ақ үйде Дональд Трамппен келіссөз жүргізуге келген болатын. Бірақ кездесу барысында екі тарап бір-біріне қарсы пікір білдіріп, жағдай ушығып кетті. Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін еместігін айтты, ал Трамп әлем “үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын” мәлімдеді.
Келіссөздерден кейін өтеді деп жоспарланған бірлескен баспасөз мәслихаты тоқтатылды. Зеленский Ақ үйден шұғыл түрде шығып кеткені белгілі болды.
Ақ үй бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, ал Зеленский өз кезегінде әлеуметтік желіде алғашқы реакциясын білдірді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Sır önerpazdarı Şveycariya sahnasında
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу