Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-01-24 16:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

27

Диқан Қамзабекұлы: Білім жүйесін діни фанатизмнен Конституция арқылы қорғау керек

news single

     «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры және Конституциялық комиссия мүшесі Диқан Қамзабекұлы білім жүйесін діни фанатизмнің ықпалынан қорғайтын норма енгізуді ұсынды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   — Соңғы ширек ғасырда қара-шұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал, селдір сақал қаладан далаға дейін кең етек жайды. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасын қара бұлт, дүдәмал діл басып алғандай күй кештік.

 

      Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тастап кеткен діндарсырмақтар пайда болды. Ең қауіптісі — олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті. Фанатизм мен көрсоқырлық білім жүйесіне ене бастады.

 

     Неге қателескенін білмедік, кейбір «оқыған» адамдар шеттен келген шала сауаттылардың жетегінде кеткені ойландырады, қамықтырады.

 

    Сириядағы соғысқа барып адасқандардың трагедиясы сіздерге белгілі. «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы бәрімізді ойландырды, — деді ол.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться