Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-01-27 15:27:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

news single

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саарды қабылдады,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Президенттің айтуынша, Гидеон Саардың Қазақстанға сапары Израильдің елімізбен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айқын көрсетеді.

 

    Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыру, сондай-ақ жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және өзге де салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

   Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан–Израиль бизнес форумын өткізу бастамасын қолдайтынын білдіріп, оның қорытындысы екі ел арасындағы инвестициялық серіктестікті кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться