Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-02-04 16:28:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Салық берешегі 86 500 теңгеге жетпейтіндердің шоттары бұғатталмайды

news single

     Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгергенін мәлімдеді,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Оның айтуынша, енді салық берешегі туралы хабарлама жіберу жүйесі жаңартылған. Егер берешек мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіштен (86 500 теңгеге дейін) аспаса, салық төлеушіге тек өсімпұл есептеліп, қарыз сомасы көрсетілген хабарлама ғана жолданады.

 

    Мұндай жағдайда қосымша шектеу шаралары қолданылмайды.

 

    Ал берешек көлемі 20 АЕК-тен асқан жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары толық өндіріп алу рәсімдерін бастайды.

 

   Оған өсімпұл есептеу, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын бұғаттау және инкассалық өкімхат арқылы қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары кіреді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться