Автор: ADMIN
Наурыздағы басты спорттық сайыстар: Қазақстандық спортшыларды қай жарыстарда қолдай аламыз?

Наурыз айының ортасы қазақстандық спортшылар үшін қызу жарыстармен өтеді. Биатлоннан бастап каратэге дейін түрлі спорт түрлерінен өкілдеріміз халықаралық ареналарда ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
10-15 наурыз: Биатлоннан IBU кубогінің 8-кезеңі
- Өтетін орны: Отепя, Эстония
Қатысушылар: 4 қазақстандық биатлоншы
10-18 наурыз: Пара жүзуден Әлемдік кезең
- Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро, Италия
Қатысушылар: 5 спортшы
11-14 наурыз: Пара үстел теннисінен ITTF World Para Future Costa Brava 2025
- Өтетін орны: Коста-Брава, Испания
Қатысушылар: 5 теннисші
12-13 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі
- Өтетін орны: Осло, Норвегия
Қатысушылар: 2 спортшы
13-16 наурыз: Конькимен жүгіруден жекелей қашықтықтағы әлем чемпионаты
- Өтетін орны: Хамар, Норвегия
Қатысушылар: 5 конькиші
13-17 наурыз: Дәстүрлі садақ атудан «Жақсығұл мерген» Азия кубогі
- Өтетін орны: Шымкент, Қазақстан
Қатысушылар: 10 елден 100-ден астам садақшы, оның ішінде Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түрікменстан және Қытай спортшылары
14-16 наурыз: Шорт-тректен әлем чемпионаты
- Өтетін орны: Бейжің, Қытай
Қатысушылар: 10 спортшы
14-16 наурыз: Семсерлесуден Гран-при турнирі
- Өтетін орны: Будапешт, Мажарстан
Қатысушылар: 14 семсерлесуші
14-16 наурыз: Велоспорттан Ұлттар кубогі
- Өтетін орны: Конья, Түркия
Қатысушылар: 9 велошабандоз
14-16 наурыз: Каратэден Karate1 Premier League
- Өтетін орны: Ханчжоу, Қытай
Қатысушылар: 13 спортшы
14-17 наурыз: Таэквондодан ел чемпионаты
- Өтетін орны: Орал, Қазақстан
Қатысушылар: 15 облыстан 500 таэквондошы
15-16 наурыз: Фристайл-могулдан әлем чемпионаты
- Өтетін орны: Энгадин, Швейцария
Қатысушылар: 7 спортшы
Қазақ спортшылары алдағы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға таласады деп сенеміз. Олардың жеңісі – біздің мақтанышымыз!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет