Автор: ADMIN
LRT-нің алғашқы стансасы дайын: Елорданың көлік инфрақұрылымы жаңа кезеңге қадам басты
Астана халықаралық әуежайы маңында орналасқан Қабанбай батыр даңғылындағы LRT жүйесінің алғашқы стансасы дайын күйінде халыққа таныстырылды. «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, стансаның әрлендіру жұмыстары толығымен аяқталған, ал металл конструкциялар монтаждалып, сырты арнайы материалдармен қапталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл жаңа станса тұрғындарға эскалаторлар, лифттер мен ыңғайлы интерактивті экрандар арқылы қызмет көрсетеді. LRT желісі 18 стансадан тұрады, оның ішінде 11 станса жер асты, 7 станса жер үсті деңгейінде орналасқан. Жоба барысында жол ортасына орналасқан стансалар ерекше назарға алынған. Сығанақ, Ш.Қалдаяқов көшелері мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында жеті стансаға екі-екіден жерүсті өткелдері салынатын болады, бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى