Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-02-09 19:01:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ірі инфрақұрылым жобаларын қолдап отыр

news single

      Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяи ұйым Қазақстанның энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы бірқатар ірі жобасына қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді,- деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    – Ыстық ықыласыңыз бен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне ұзақ жылдар бойы көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстан мен өзге акционерлердің маған артқан сеніміне ризамын. Банк қызметіндегі алғашқы онжылдық жетістіктеріне сүйене отырып, сабақтастықты сақтаймыз. Сондай-ақ клиенттердің өзгеріп жатқан сұранысына жедел жауап беру үшін қаржы институтын одан әрі дамытуға күш саламыз, – деді банк жетекшісі.

 

     Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзоу Цзяи екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге зор мүмкіндік бар екенін атап өтті. Қазақстан алдағы жылдары инфрақұрылым секторын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі бұл стратегиялық бастамаларға белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.

 

     Қазіргі таңда банк келесі жобаларды қаржыландыруда:

 

    Көкшетаудағы көпбейінді аурухана құрылысы;

 

    Қуаты 220 МВт жел электр стансасы;

 

   Жезқазған – Қарағанды және Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын автожол учаскелері;

 

   Алматы қаласын айналып өтетін теміржол құрылысы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться