Автор: ADMIN
Жетісу облысында түнде жер сілкінісі болды: тұрғындар дүмпуді сезді
11 наурызға қараған түні Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Қазақстандық сейсмологтар табиғи құбылысты тіркеп, оның эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
ҚР ТЖМ “Сейсмологиялық зерттеу институты” ЖШС дерегіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 01:26-да тіркелген.
Жер дүмпуі Жетісу облысының Жаркент қаласында 2 балл шамасында сезілді. Қуанышқа орай, қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мамандар тұрғындарға кез келген төтенше жағдайға дайын болуды ескертеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى