Автор: ADMIN
Михаил Кукушкин АҚШ-та керемет камбэк жасап, жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турниріндегі алғашқы кездесуінде қиындыққа қарамастан, жеңісті жұлып алды. Әлемнің 166-ракеткасы тізімдегі 140-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен өткен матчта алғашқы сетте ұтылғанымен, кейінгі екі сетте қарқынды ойын көрсетіп, 5:7, 7:6 (7:2), 6:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Екі сағат 18 минутқа созылған тартысты бәсекеде Кукушкин 4 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын тиімді пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс пен 4 брейк жасаса да, шешуші сәттерде қазақстандық спортшының тәжірибесі жеңіске жетеледі.
Іріктеу кезеңінің финалында Кукушкин әлемдік рейтингте 458-орында тұрған словениялық Бор Артнакпен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, негізгі турнирге жолдама алады.
Бұл турнирде Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Александр Бублик пен Александр Шевченко да бақ сынайды. Бублик (82-орын) алғашқы айналымда әлемнің 64-ракеткасы Александр Вукичпен (Австралия) кездессе, Шевченко (98-орын) америкалық Колтон Смитке (261-орын) қарсы ойнайды.
Ал Шербур (Франция) челленджер турнирінде өнер көрсеткен Бейбіт Жұқаев (213-орын) пен Денис Евсеев (256-орын) алғашқы айналымнан аса алмады. Жұқаев франциялық Ма Малижден 3:6, 6:2, 4:6 есебімен ұтылса, Евсеев жапониялық Юта Симидзуға 2:6, 6:3, 3:6 есебімен жол берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قىزىلوردادا قاريلار بايقاۋى وتتى.

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті