Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-02-13 16:59:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындардың бойтұмары

news single

   1968 жылдан бастап бойтұмар Олимпиада ойындарының ажырамас бөлігіне айналды. Бұл жай ғана символ емес. Ол ұйымдастырушы елдің мәдени мұрасын бейнелейді, атлеттерге сәттілік сыйлайды және мерекелік атмосфера қалыптастырады. Көбінесе бойтұмар рөлін ұлттық жануарлар, фольклорлық кейіпкерлер, аңыз бен ертегі кейіпкерлері атқарады. Маскотқа қойылатын негізгі талаптар - бірегейлік және олимпиадалық құндылықтарды (кемелдік, достық және құрмет) көрсету. Милан мен Кортина-д'Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ресми бойтұмары - Тина есімді ақ аққалақ (ермелін) немесе ақкіс (горностай). Ал оның інісі - Мило наурыз айында өтетін Паралимпиаданың бойтұмары болады. Ол дүниеге бір аяқсыз келген, сондықтан тапқырлық пен ерік-жігер танытып, құйрығының көмегімен қозғалады. Олардың есімдері - ойынды ұйымдастырушы қалалар атауларының қысқартылған нұсқасы: Тина есімі Кортина-д'Ампеццодан, ал Мило - Миланнан шыққан. Аққалақтар өздерінің батылдығымен, ептілігімен, жылдамдығымен және қорықпайтын қасиетімен танымал. Сонымен қатар, бұл өте ойнақы жануарлар.

 

   Осылайша, Тина мен Мило көңілді және серпінді итальяндық рухты бейнелейді. Ұйымдастырушылар бойтұмарлар үшін арнайы өмірбаян ойлап тапты. Тина Италияның тауларында, жазда да шыңдарын қар басып жататын жерде дүниеге келген. Ол балалық шағын інісі Миломен ойнап өткізген. Тина өнер мен музыканы жақсы көреді. Есейген соң ол қалаға көшіп, табиғатты қорғау мен сақтауды қолдайды. «Олимпиадалық бойтұмар Тина - қалада тұратын, шоулар мен концерттерге барғанды ұнататын шығармашыл әрі іскер тұлға. Ол сұлулықтың күшіне және оның түрлену қабілетіне тәнті болады. Оған «Үлкен арманға ұмтыл!» деген тіркес тән», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сайтында. Тина мен Милоның достары бар - олар Фло есімді алты бәйшешек. Гүлдер қайта жаңғыруды білдіреді. Олар достарын сатпайды және көңіл көтергенді ұнатады. Дәл осындай құрамда олар Олимпиадада әлемнің түкпір-түкпірінен келген атлеттерге қолдау көрсетуде.

 

    Бойтұмарларды Таверна қаласынан келген мектеп оқушылары ойлап тапқан. Балалар 1600 өтінім қатысқан байқауда жеңіп шыққан. Олардың таныстырылымы 2024 жылғы 7 ақпанда Сан-Ремодағы музыкалық фестиваль кезінде өткен.

 

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться