Автор: ADMIN
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Михаил Шайдоров Милан-Кортина 2026 Олимпиадасында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды. Бұл - Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы алтын медаль және 1994 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы «алтын».

Фото ашық интернет көздерінен алынды
Михаилдың бұл жеңісі нағыз сенсация болды. Қысқа бағдарламадан кейін ол 5-орында келе жатқан еді, бірақ еркін бағдарламада бәрін таңғалдырды. Ол еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинап, жалпы есепте 291.58 ұпаймен бірінші орынға шықты. Михаил өз бағдарламасында бес төрттік секірісті мінсіз орындады. Бұл әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең күрделі көрсеткіштердің бірі. Ол басты фаворит, «төрттік секірістердің королі» саналатын Илья Малининді (АҚШ) және жапониялық Юма Кагияма мен Шун Сатоны басып озды.
Михаил Шайдоров 2004 жылы туылған, 21 жаста. Алматы қаласының тумасы. Бапкері - Олимпиада чемпионы Алексей Урманов. Михаил ұзақ уақыт бойы Сочиде жаттығып, шеберлігін шыңдаған. Олимпиада алтынына дейін ол 2025 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы және 2025 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
Михаил — марқұм Денис Теннің ісін жалғастырушы. Денис 2014 жылы алғашқы қоланы алса, Михаил 12 жылдан кейін Қазақстанға алтын сыйлады. Бұл Қазақстан үшін 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасындағы Владимир Смирновтың жеңісінен кейінгі алғашқы алтын медаль. Шайдоровтың бұл алтыны еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортына жаңа серпін берері сөзсіз.
«Мен бұл медальға қол жеткізу үшін күн сайын ерте оянып, жаттығуға бардым. Бұл жеңіс - менің елім үшін және Денис Теннің аруағына тағзым», - деді ол жеңістен кейінгі сөзінде.
Милан Олимпиадасындағы алғашқы медаліміз құтты болсын!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qarın tüyreu turalı ne bilemiz?
قىز ۇزاتۋ
Қарын түйреу туралы не білеміз?
Последние новости
Qız wzatu
قىز ۇزاتۋ
Қыз ұзату