Автор: ADMIN
Украинадағы соғыс 30 күнге тоқтай ма? АҚШ пен Киев келісімге келді
Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен келіссөздер нәтижесінде Украина мен АҚШ атысты 30 күнге тоқтату туралы уақытша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алайда Киев бұл шарттың Ресей тарапынан да бір мезгілде орындалуы тиіс екенін ескертті. Өз кезегінде Вашингтон Мәскеуге бұл талаптың екіжақты сақталуы бейбітшілікке жетудің басты шарты екенін жеткізуге уәде берді.
Сонымен қатар, АҚШ Украинаға қауіпсіздік саласындағы көмекті қайта жандандырып, барлау мәліметтерімен алмасуды жалғастыратынын мәлімдеді.
“Владимир Путин бұл ұсынысты қабылдайды деп үміттенемін. Егер келіспесе, соғыс одан әрі өрши түспек. Әр апта сайын мыңдаған сарбаз қаза тауып, бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр. Ақ үйдегі даулы пікірталастардан кейін біз ақыры дұрыс шешімге келдік”, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy