Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

46

Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады: басты мәселелер қандай болмақ?

news single

14 наурызда Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтеді. Бұл маңызды шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, өзекті мәселелерді көтермек. Ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Отырыста қоғамдағы маңызды мәселелер талқыланып, құрылтай мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салады. Президент жиында сөз сөйлеп, еліміз үшін маңызды бастамаларға тоқталады деп күтілуде.

Ұлттық құрылтай бұған дейін қайда өтті?
– 2022 жылы – Ұлытау;
– 2023 жылы – Түркістан;
– 2024 жылы – Атырау.

Айта кетейік, былтырғы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынған болатын.

Президенттің айтуынша, Ұлттық құрылтайдың түрлі өңірлерде өтуі олардың дамуына тың серпін береді. Бурабай – Абылай хан орда тіккен қасиетті мекен, қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар өткен аймақ. Сондықтан мұнда өтетін құрылтайдың маңызы ерекше болмақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться