Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-02-24 21:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды

news single

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған.

 

     Күдіктімен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған оның бұрынғы жұбайы да анықталды.

 

    Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысы аумағында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған.

 

   Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденгені айтылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться