Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-02-26 13:18:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Павлодар өңірінде соңғы үш жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 20 адам көз жұмған

news single

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында 2025 жылы 104 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 113 адам зардап шеккен,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Оның ішінде 66 адам ауыр жарақат алып, 7 адам қаза тапқан. 2024 жылы 103 жазатайым оқиға тіркеліп, 112 адам зардап шеккен. 78 адам ауыр жарақат алып, 9 адам көз жұмған. Ал 2023 жылы 106 жазатайым оқиға тіркеліп, 111 адам зардап шеккен.

 

   Оның 65-і ауыр жарақат алған. Төрт оқиға адам өлімімен аяқталған. Үш жыл ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан жалпы 20 адам қайтыс болған. Департамент басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыровның айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен-металлургия саласында, бюджеттік ұйымдарда, шағын бизнес субъектілерінде және құрылыс саласында тіркелген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться