Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-02-28 03:35:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жеті мұнаралы қала - Маллес-Веноста

news single

     Италияның ең солтүстігінде, Оңтүстік Тироль өлкесінде орналасқан Маллес-Веноста (Malles Venosta) - таулардың арасындағы нағыз альпілік жұмбақ. Бұл қала Мюштайрға өте жақын (небары 15 минуттық жерде), сондықтан бұл екі мекенді бір сапарда көру өте ыңғайлы. Бұл жерді «Жеті мұнаралы қала» деп атайды, себебі мұнда орта ғасырлардан қалған зәулім мұнаралар мен шіркеулер қаланың «визит карточкасына» айналған. Маллес-Веноста (немісше: Mals) - шағын ғана коммуна.

 

   Мұнда шамамен 5 300 - 5 500 адам тұрады. Маллестің 5 мыңнан астам тұрғыны - өз жерінің нағыз қожайындары. Олар тек алма өсіріп қана қоймай, экология үшін бүкіл әлеммен күресуге дайын жандар. Маллес тұрғындары бүкіл әлемге өздерінің экологиялық белсенділігімен танымал болды. 2014 жылы қала халқы референдум өткізіп, ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдануға толық тыйым салды. Олар өз алмаларының «таза» болғанын қалады.

 

   Бұл Италия билігімен үлкен соттасуларға әкелді, бірақ тұрғындар өз позициясын қорғап қалды. Бұл - тек тарих қана емес, адам мен табиғаттың үндесіп өмір сүруінің тірі үлгісі. Бұл - Маллес халқының табиғатқа деген адалдығының символы. Тұрғындардың 96%-ы неміс тілінде сөйлейді. Италияда жүрсеңіз де, өзіңізді Тирольдің қақ ортасында жүргендей сезінесіз. Адамдары өте еңбекқор, жинақы және табиғатқа ұқыпты қарайды.

 

    Бұл аймақтың басты байлығы - алма. Веноста алқабы (Val Venosta) бүкіл Еуропаға өзінің шырынды, қытырлақ алмаларымен танымал. Қаланың айналасы көз ұшына дейін созылған алма плантациялары. Тұрғындардың басым бөлігі осы алмаларды өсірумен, жинаумен және өңдеумен айналысады. Биік таулы жайылымдарда ірі қара мал бағылады. Жергілікті ірімшіктер мен сүт өнімдерінің дәмі ерекше, өйткені сиырлар Альпінің таза шөбін жейді. Мұнда туризм де үлкен рөл атқарады. Қыста шаңғы тебушілер, жазда тауға жаяу шығушылар (хайкинг) үшін Маллес - басты база. Маллес - бұл таза ауа, ескі тас қабырғалар және шексіз тыныштық. Швейцария мен Италияның мәдениеті тоғысқан бұл нүктенің атмосферасы бөлек! Бұл - әлемдегі ең экологиялық таза қала! Егер сіз Оңтүстік Тирольде болсаңыз, Malles Venosta-ға соқпай кетпеңіз! Бұл қала тарихты сүйетіндер мен тауға ғашық жандар үшін нағыз олжа! Жергілікті Apfelstrudel (алма штруделі) мен Speck-ті (тирольдік сүрленген ет) татып көрмей кетпеңіз!

 

   Жаңыл Әпетова, 

   Оңтүстік Тироль,  Malles Venosta, Италия

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться