Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-02-28 03:58:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ЕРКІН ЖӘНЕ ТӘКАППАР ЛИВИНЬО

news single

    Ливиньо - бұл Италияның ішіндегі кішкентай мемлекет сияқты. «Итальяндық Тибет» деп те атайды. Мұндағы халық өздерін итальяндықтан бұрын «ливиньяски» сезінеді. Олардың жергілікті диалектісін тіпті көрші ауылдың адамдары түсінбейді Ливиньо тұрғындары ғасырлар бойы қыста әлемнен оқшауланып (6 ай бойы қар астында), аштықтан қырылып қала жаздайтын.

 

   Қыста бұл жерге жету мүмкін болмаған (жолдарды қар басып қалатын). Ливиньодағы көне шіркеулердің қоңыраулары ертеректе тек құлшылық үшін емес, «қар көшкіні келе жатыр» деп дабыл қағу үшін соғылған. Тұрғындар осы қауіппен ғасырлар бойы бетпе-бет өмір сүріп, таудың мінезін тануды үйренген. Адамдар қашып кетпесін және осы стратегиялық маңызды жерді мекен етсін деп, билік оларға экономикалық еркіндік берген.

 

    Наполеоннан бастап кейінгі патшалардың бәрі: «Егер осы таудың басында қалып өмір сүрсеңдер, ештеңеге салық төлемейсіңдер» деп арнайы статус берген. Тұрғындар осы еркіндігін әлі күнге дейін тіс-тырнағымен қорғап келеді.

 

   Тек 1965 жылы Мунт-ла-Шера туннелі ашылғаннан кейін ғана Ливиньо әлемге есігін айқара ашты. Мұнда бензин де, иіссу да, киім де арзан, бірақ ең басты байлығы - сатылмайтын таза тау ауасы мен Олимпиадалық рух! Егер Альпіге жолыңыз түссе, "биіктік ауруымен" емес, "Ливиньоға деген махаббатпен" ауырып қайтатыныңыз анық.

 

   Жаңыл Әпетова,

  Оңтүстік Тироль, Ливиньо, Италия

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться