Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-02-28 04:18:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Уақыт тоқтап қалған мекен - Мюштайр

news single

    Швейцарияның Альпі тауларында орныққан, ертегідей әдемі Мюштайр (Müstair) ауылы - тарих пен табиғаттың үндескен мекені. Швейцарияның ең шетінде, Италиямен шекаралас маңда нағыз жауһар табылды! Бұл - Мюштайр ауылы. . Бұл жерге жету үшін тау асуларынан өту керек, бірақ ол бұған тұрарлық! Мұнда келгенде өзіңді орта ғасырлар туралы фильмге түсіп кеткендей сезінесің. Мұнда ерекше романш тілінің дыбысын есту - бөлек әсер... Бұл жердің басты мақтанышы - Әулие Иоанн Бенедикт монастыры. Ол ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне кірген. IX ғасырдан сақталған фрескаларды көргенде, тарихтың тынысын сезесің. Бұл - әлемдегі ең көне христиандық өнер туындыларының бірі!. Бұл монастырьды Ұлы Карл (Charlemagne) негіздеген деген аңыз бар. Аңыз бойынша, бұл монастырьды біздің заманымыздың 775 жылы Франк королі Ұлы Карл (Charlemagne) негіздеген.

 

   Ол Альпі асуынан өткенде қатты боранға тап болып, аман қалғаны үшін Құдайға алғыс ретінде осы ғибадатхананы салдырған деседі. Шіркеудің ішінде Ұлы Карлдың XII ғасырда жасалған тас мүсіні әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Монастырьдың ең басты құндылығы - оның қабырғаларындағы орта ғасырлық суреттер (фрескалар): Бұл жай ғана музей емес, бұл - жұмыс істеп тұрған монастырь. Мұнда XII ғасырдан бері Бенедикт орденінің монах әйелдері (монахини) тұрып келеді. Олар ғибадатхананың тыныштығын сақтап, ежелгі дәстүрлерді жалғастыруда. Олардың күнделікті дұғалары мен еңбегі бұл жерге ерекше рухани атмосфера сыйлайды. Монастырь тұрғындары арасында «егер біреу монастырьдың тыныштығын бұзса, түнде IX ғасырдың киімін киген қара монах әйел пайда болады» деген аңыз бар. Бұл —- тарихтың мыңжылдық күзетінің символы іспеттес. Шіркеу - ерте орта ғасырлық сәулет өнерінің үлгісі. Оның қарапайым сыртқы келбеті мен ішкі бай тарихы қарама-қайшылық тудырады.

 

    Бұл шіркеуге кіргенде, уақыт машинасымен 1200 жыл артқа саяхат жасағандай боласың. Қабырғадағы әрбір фреска - адамзат өркениетінің алтын парағы. Мұндағы тыныштықтан адам өз-өзін ести бастайды екен. Мұндағы биік мұнара (Аббат мұнарасы) 960 жылы салынған және ол Еуропадағы ең көне тұрғын мұнаралардың бірі болып саналады. Сервен (Val Müstair) алқабында серуендеу: Таудың көрінісі ашық хат (открытка) сияқты. Әр қадам сайын суретке түсе бергің келеді.

 

   Жергілікті дәмнен, ауылдың кішкентай наубайханаларынан дәстүрлі нан мен ірімшіктің дәмін татып көріңіз болады. Егер сіз шулы қаладан шаршасаңыз, тау етегіндегі ерекше үйлер мен гүлге оранған көшелер сізге күш берері анық. Мұндағы әрбір тас, әрбір соқпақ - бір аңыз. Осындай сұлулықты көру - нағыз бақыт! Мюштайрды «Швейцарияның «жасырын» қазынасы» деп те атайды екен. Мұнда туристер өте көп емес, сондықтан Швейцарияның нағыз ауылдық колоритін сезінуге болады. Тыныштық, таулар және тарих ..

 

 Жаңыл Әпетова,

Мюштайр, Швейцария

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться