Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-03-08 01:02:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ЖАСТЫҚ ШАҚ КУӘСІ. ЛЮДВИГШТРАССЕ - ЕСТЕЛІКТЕР КӨШЕСІ

news single

     Мюнхеннің ең сәулетті көшелерінің бірі Людвигштрассе - Қайым аға үшін тек туристік нысан емес, әр тасы тарихтан сыр шертетін мекен. Людвигштрассе (Ludwigstraße) - бұл жай ғана көше емес, Баварияның асқақтығы мен патшалық амбициясын көрсететін ашық аспан астындағы мұражай. Бұл көше - XIX ғасырдағы Мюнхеннің басты «подиумы».

 

   Патша Людвиг I бұл көшені салдырғанда: «Мен Мюнхенді немістер мақтанышпен атайтын, Германияны көрмеген адам Мюнхенді көрмесе, ештеңе көрмегендей болатын деңгейге жеткіземін», - деген екен. Патша Людвиг I Италияның қайта өрлеу дәуірінің сәулетіне ғашық болған. Сондықтан бұл көшедегі ғимараттар Флоренция мен Римнің па Palazzo-ларына өте ұқсас. Бұл көшеде тек университет пен мемлекеттік мекемелер ғана емес, Мюнхеннің интеллектуалды элитасы шоғырланған.

 

   Көшенің бір басында Фельдхеррнхалле (Генералдар залы), екінші басында Жеңіс қақпасы тұр. Бұл - Бавария армиясының рухы мен бейбітшілік мұратының тоғысуы. Мұнда Мюнхеннің басқа бөліктеріне тән «сыраханалық» шу жоқ, оның орнына академиялық сабырлық пен патшалық асқақтық басым. «Людвигштрассе - Мюнхеннің интеллектуалды және мәдени келбеті. Мұнда әрбір ғимараттың өз айтары бар» - дейді Қаюм аға. Ол кісі Людвиг-Максимилиан университеті мен мемлекеттік кітапхананың маңайында тұрып, осы көше бойындағы ғимараттардың тарихын шежіредей таратады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться