Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-03-08 18:36:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Сурдодзюдошы: Әр жүлде – көпжылдық еңбектің жемісі

news single

    Батыс  қазақстандық сурдодзюдошы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Анастасия Тимошенкова үшін өткен жыл ерекше табысты болды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ол әйелдер арасындағы командалық сайыста ел құрамасы сапында күміс жүлдеге ие болды.

 

   Спортшы жетістіктері мен спорттағы жолы туралы айтып берді.

 

 — Анастасия Владимировна, сурдодзюдоға бірден келдіңіз бе?

 

— Спортпен 2018 жылдан бастап белсенді түрде айналыса бастадым. Алғашында жеңіл атлетикаға көңіл бөліп, республикалық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Бірнеше рет жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарынан көріндім. Кейін 2022 жылы өзімді сурдодзюдода сынап көруге шешім қабылдадым. Бұл спорт түріне менің әлеуетімді байқаған жаттықтырушылар алып келді.

 

  Менің бас бапкерім – Теміржан Хасанғалиев. Теміржан Сұлтанұлының жетекшілігімен техникамды жетілдіріп, мінезім мен шеберлігімді шыңдап, ірі халықаралық жарыстарға дайындалып келемін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться