Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-03-09 15:22:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды

news single

    Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Gassanov Channel"  телеграм каналына сілтеме жасап.  

 

    Дүбірлі додаға әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы екі спорт түрінен — пара биатлон және пара шаңғы жарыстарынан бақ сынайды.

 

    Пара биатлон мен пара шаңғы жарыстарында ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин қорғайды. Ал пара шаңғы жарысында Нұрлан Әлімoв, Анна Грачёва және Владислав Кобаль да өнер көрсетеді. 

 

    XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6–15 наурыз аралығында өтеді. Жалпы саны 79 медаль жиынтығы пара шаңғы жарысы, пара биатлон, арбадағы керлинг, пара сноуборд, тау шаңғысы және пара хоккей бойынша сарапқа салынады. 

 

    7 наурыз күні қазақстандық спортшылар пара биатлоннан 7,5 шақырымдық спринт жарысында жарыс жолына шығады. Бұл бәсекеде ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин қорғайды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться