Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-03-10 16:15:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Атырауда жоғалған отбасы: тағы екі адамның мәйіті табылды

news single

     Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.   

 

   Мейрамгүл мен Наурыздың мәйіті күйеубаласы Сұлтан Сәрсемалиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиева жалдап тұрған үйдің ауласынан шыққан. Айта кетейік, бұл аумақты шамамен екі ай бұрын полиция қызметкерлері түрлі әдістер мен техникалардың көмегімен тексерген болатын.

 

    ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, төрт адамның өліміне ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған.

 

   — Тергеу екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр және іс министрліктің бақылауында, — деді ол. Қазіргі уақытта табылған мәйіттер Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтына жіберілді.

 

    Марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, 9 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де құқық қорғау органдары хабарласып, Мейрамгүл мен Наурыздың денесі табылғанын жеткізген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться