Автор: ADMIN
Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды: жаңа кезең басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жаңа құрылым елдегі атом энергетикасын дамытуға және басқаруға жауапты болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жарлыққа сәйкес, жаңа агенттіктің төрағасы болып бұрынғы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Осыған байланысты ол энергетика министрі қызметінен босатылды.
Қазіргі таңда елімізде екінші және үшінші атом электр станцияларының (АЭС) салынатын орнын таңдау процесі жүріп жатыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл жобалар шетелдік несиелер есебінен қаржыландырылады. Яғни, Ұлттық қор мен зейнетақы жинақтары бұл мақсатқа жұмсалмайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысында атом энергетикасының ел экономикасына ұзақ мерзімді пайда әкелетінін атап өткен болатын. Осыған байланысты, ядролық энергетиканы дамыту – елдің стратегиялық міндеттерінің бірі болып отыр.
Бұл бастама Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения