Автор: ADMIN
eGov және мемлекеттік электронды сервистерге уақытша шектеулер енгізіледі
2025 жылдың 20 наурызынан 21 наурызына дейін Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетіні туралы хабарлады. Осы жұмыстар барысында бірнеше маңызды мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Техникалық жұмыстар 20 наурыз, сағат 23:00-ден 21 наурыз, сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында келесі сервистердің қолжетімділігі шектеледі:
• eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы (соның ішінде “Цифрлық құжаттар” сервисі);
• e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының сервистері;
• “ҰАТ” АҚ қолдайтын басқа да жобалар;
• Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Бұл уақытша шектеулер тұрғындардың қызметтерді пайдалануға әсер етуі мүмкін, сондықтан қажетті қызметтерді алдын ала алу ұсынылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Otkroetsya pryamoy aviareys mejdu Kostanaem i Taşkentom
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى