Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-03-29 13:34:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жапония Қазақстаннан мұнай алуды жоспарлап отыр

news single

    Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жапондық INPEX компаниясы Орталық Азиядан өндірілетін мұнайдың бір бөлігін өз ішкі нарығына жеткізуге дайын екенін жеткізді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Негізгі назар Қашаған кен орнында. Қазіргі уақытта мұнда тәулігіне шамамен 430 мың баррель мұнай өндіріледі. Сонымен қатар, компания Әзербайжандағы Азери–Чыраг–Гюнешли жобасына қатысады. 

 

    Бұған дейін INPEX мұнайды негізінен Еуропаға жеткізіп келген.

 

   Неге маңызды?

 

   Жапония мұнайдың 90%-дан астамын Таяу Шығыстан алады. Ормуз бұғазының жабылуы жағдайында бұл үлкен қауіп тудырады. 

 

   Логистика мерзімдері: 

 

   Қазақстан → Жапония: 35–55 күн

 

   Әзербайжан → Жапония: 25–50 күн 

 

    Парсы шығанағы → Жапония: ~20 күн

 

   Иә, тасымал ұзақ әрі қымбат, бірақ бұл — тұрақты және қауіпсіз жеткізу жолы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться