Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыдағы саябақта аяқ асты қытай қазы пайда болды

news single

    Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Алматыда көктем кезінде қаланың үстімен қаншама құс ұшып өтеді. Бірақ осы жақында қызық жағдай болды. Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы (Горький саябағы) тоғаннан жұрт қытай қазын көріп қалыпты. Бұл табиғи ортада кездеспейтін, үй құсының тұқымына жатады екен.

 

   Қаз шамамен отыз шақты барқылдақ үйрекпен бірге жүрген. Кейде шетке шығып, оңаша қалып, тып-тыныш, саяқ жүреді екен. Қытай қазының қалай, қайдан пайда болғанын әзірге ешкім білмейді. Қолда ұстаған құс қашып кетіп, осындағы үйректерге келіп қосылған деген бір болжам бар.

 

   Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры, орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты Сергей Скляренко осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қолда ұстайтын құстар мен жабайы құстардың дәл өстіп бірге жүргені мамандардың да қызығушылығын тудырыпты. Қазір қытай қазы жергілікті үйректердің арасында өзін емін-еркін сезініп, бірге жайылып жүр.

 

   Оның саябақта аяқ асты пайда болғаны табиғат сүйер қауым мен орнитологтарды да елең еткізген тың жаңалық болды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться