Автор: ADMIN
“Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Сессия 2025 жылдың 23-24 сәуірінде Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл шара елдегі этносаралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды жиын болмақ. Жыл сайын өтетін дәстүрлі сессия Қазақстандағы түрлі этномәдени бірлестіктердің басын қосып, өзекті мәселелерді талқылайды.
Еске сала кетсек, 2024 жылы дәл осы уақытта мемлекет басшысы ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкім шығарған болатын. Алайда еліміздің кейбір өңірлерінде орын алған су тасқынына байланысты сессия онлайн форматта өткен еді.
Бұл жолы сессия офлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылар бас қосып, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту бағытындағы жаңа бастамаларды талқылайды деп күтілуде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı