Автор: ADMIN
“Италияда жасанды интеллект жазған алғашқы газет жарық көрді”
Италияның Il Foglio басылымы жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен толығымен жазылған алғашқы газетін шығарды. Бұл ерекше эксперимент баспа саласындағы технологиялық серпілістің бір көрінісі болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
ЖИ тек жаңалықтар жазып қана қоймай, мақала тақырыптарынан бастап, сарказм аралас пікірлерге дейін қосты. Бұл туралы Il Foglio газетінің бас редакторы Клаудио Чераса мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты — жасанды интеллекттің журналистикаға ықпалын зерттеу.
“Бұл әлемдегі толықтай ЖИ арқылы жазылған алғашқы күнделікті газет. Әрбір мақала, тақырып, пікір — барлығы технологияның көмегімен жасалды,” — дейді Чераса.
ЖИ жазған арнайы шығарылым 18 наурызда баспа және онлайн нұсқада жарияланды. Төрт беттік бұл басылымда дәстүрлі журналистика элементтері байқалмады — адамдардың тікелей дәйексөздері, терең талдау немесе сұхбаттар жоқ.
“Жасанды интеллект грамматикалық тұрғыдан мінсіз, түсінікті әрі қарапайым тілде жаза алады. Бірақ әзірге оның адам эмоциясын, терең ойды жеткізе алмайтыны анық байқалды,” — деп қосты Чераса.
Бұл эксперимент журналистика саласындағы технологияның орнын айқындауға көмектеседі. ЖИ мақалаларды жазу барысында жылдамдық пен дәлдікке басымдық береді, алайда адам қолтаңбасының орны ерекше болып қала береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
رەسپۋبليكا كۇنى قارساڭىندا الماتىدا تورت زاماناۋي مەكتەپ اشىلدى
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу