Автор: ADMIN
Тарихта алғаш рет ХОК-ты әйел басқармақ: Олимпиада чемпионы жаңа президент атанды
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясы тарихи шешіммен есте қалды. Жаңа президентті сайлау барысында жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри жеңіске жетіп, ұйымды басқаратын алғашқы әйел және Африкадан шыққан алғашқы басшы атанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ол бұл лауазымда 2013 жылдан бері ХОК президенті болған, семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бахты алмастырады. Бахтың өкілеттігі 2025 жылдың 23 маусымында ресми түрде аяқталып, ол ХОК-тің өмір бойғы құрметті президенті мәртебесін алады.
Сонымен қатар, осы сессияда бокс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл шешім спорт әлемінде үлкен резонанс тудырды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu