Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-04-18 17:40:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда түнгі жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды

news single

    Алматы қаласында бірнеше жүргізуші Әл-Фараби даңғылында түнгі уақытта заңсыз жарыс ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.  

 

   Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бір топ жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны бейнежазба арқылы анықталған.

 

  – Бейнежазбада олардың қарсы бағыттағы жолаққа шығуы, күрт маневрлер жасауы, апатты жағдай туындатуы және қауіпсіздік талаптарын елемеуі тіркелген. Жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде барлық құқық бұзушы ұсталды, – деп хабарлады ведомство. 

 

   Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, жүргізушілерге қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік шаралар қолданылған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться