Автор: ADMIN
Наурыз мерекесіне арналған ерекше пойыздар жолға шықты
Наурыз мерекесіне арналған ерекше пойыздар жолға шықты Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген «Алматы – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға аттанды,деп хабарлайды Shalqar.kz
Перронда жолаушыларды қазақтың ұлттық киімін киген жолсеріктер қарсы алып, дәстүрлі нақыштағы ерекше атмосфера сыйлады.
Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау мақсатында жолаушылар мен шығарып салушыларға домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар – наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.
Мерекелік көңіл-күй сыйлаған тағы бір ерекше пойыз – «Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытында жүретін қала маңы электр пойызы.
Этностильде безендірілген осындай мерекелік пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін жолаушыларды қуантатын болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى