Автор: ADMIN
“Жер сағаты”: Қазақстандықтарға жарықты бір сағатқа сөндіру ұсынылды
Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтарды 22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды. Бұл шара “Жер сағаты” атты халықаралық экологиялық акция аясында өткізіледі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
“Жер сағаты” – қоршаған ортаны қорғауға, климаттың өзгеруіне назар аудартуға бағытталған жаһандық бастама. Миллиондаған адам осы бір сағат ішінде жарықты және электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.
Қалай қатысуға болады?
• Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз.
• Жақындарыңызға бұл бастама туралы айтыңыз.
• Егер сіз кәсіпорын немесе ұйым атынан қатысқыңыз келсе, ғимараттың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) уақытша өшіруге болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى